ОҢАШ ЕПЕНОВ – ауыл ақсақалы (84 жаста), Баянды ауылы:
«Бүгінгі сайлауға өз отбасыммен келіп тұрмыз. Талай сайлауға қатыстық. Түйемен таңдау жасауға барған бұрынғы заманды да көрдік. Бүгін басқа, жаңа дәуірдің куәсіміз. «Өз таңдауымды жасаймын!» дейтін жандардың сенімі нығая түскені байқалады. Еркін елдің әр азаматының ерікті жасаған дұрыс таңдауы болашағымызды айқындайды. Мекен-жайым бойынша бекітілген учаскеде жұмыс қарқынды жүріп жатыр екен. Саяси науқан ойдағыдай өтіп, еліміздің тыныштығын сақтап, халықтың қамын ойлайтын басшы сайлансын деп дауыс беріп, отбасымызбен өз үлестерімізді қостық».